Біз туралы

Германияның Федералдық экономика және энергетика министрлігі (Bundesministerium für Wirtschaft und Energie — BMWi)

Германияның Федералдық экономика және энергетика министрлігінің Сауда жәрмеңкесі саясаты/Көрмеге қатысу департаменті (Bundesministerium für Wirtschaft und Energie — BMWi) дүниежүзілік көрмелерде Германияның павильоны үшін жауап береді. Департамент сондай-ақ, Германия Федеративтік Республикасының сыртқы сауда саясатының бағдарламасына кіретін ресми қабылдауларға қатысты қолдау жасап, шешімдер қабылдайды.

Экономикалық белсенділікті елде және сыртқы елде қолдау

Өзінің серіктестерімен жүргізетін тұрақты диалогтарында BMWi-дің Сауда жәрмеңкесі саясаты/Көрмеге қатысу департаменті германиялық компаниялардың сыртқы нарықтағы экспорттық жұмысына қолдау жасайды, сонымен бірге отандық көрмелерге қатысты маңызды саяси мәселелермен сұрақтармен айналысады.

Шағын және орташа компаниялар сыртқы сауда бағдарламасы бенефициарларының 90%-дан астамын құрайды. Саясат пен қаржыландыру мәселелерінен басқа, департамент сондай-ақ шетелдегі сауда жәрмеңкелерінде Германияның бет-бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Толығырақ білу  

Hamburg Messe und Congress GmbH

Hamburg Messe und Congress GmbH (HMC) Қазақстан елордасы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Германия павильонын Федералдық экономика және энергетика министрлігінің атынан ұйымдастырып, басқаратын болады.

HMC ұйымдастырушы бесінші рет таңдалды

Германияның Испаниядағы Сарагос ЭКСПО-2008, және Оңтүстік Кореядағы Йосу ЭКСПО-2012 павильондарынан және Шанхайдағы ЭКСПО-2010 Гамбургтық үйінен кейін, бұл HMC ұжымы ұйымдастыратын және басқаратын бесінші халықаралық экспо болады.

Халықаралық көрмелер мен конференцияларды ұйымдастырушы және іске асырушы толық циклды қызмет провайдері ретінде, HMC компаниясының қоржыны Гамбургтың теңіз өнеркәсібін, авиациялық техника құрылысын, медицина/биология ғылымдарын, жаңа энергия түрлерін және қонақжайлық пен қоғамдық тамақтануды қамтитын қуатты өнеркәсіптік кластерлерге негізделген.

Толығырақ білу  

Laumann / Scheßl / Weismüller Architektur + Baumanagement GmbH

Дюссельдорфта штаб-пәтері бар орналасқан Laumann / Scheßl / Weismüller Architektur + Baumanagement GmbH (LSW) компаниясына Германияның Федералдық экономика және энергетика министрлігі (BMWi) Германия павильонының құрылыс сапасын, бағасын және мерзімін қадағалауға уәкілдік берді. LSW компаниясы көрме ғимараттарын жоспарлау мен салу, сондай-ақ ғимараттың медиа технологиялары мен техникалық қызметтері үшін жауап береді.

Уақытша көрме ғимараттарын жоспарлау мен салуда үлкен тәжірибесі бар сәулетшілер ретінде, LSW компаниясы осының алдында Германия павильоны үшін BMWi атынан құрылысқа қатысты үрдістер мен жобаларды төмендегі ЭКСПО көрмелерінде қамтамасыз етті:

  • 2010 жылы Шанхайда, Қытай
  • 2012 жылы Йосуда, Оңтүстік Корея
  • 2015 жылы Миланда, Италия
  • Толығырақ білу   

    бірлестік қамтамасыз етеді

    insglück Gesellschaft für Markeninszenierung mbH

    Клиенттермен көзбе-көз араласатын жасампаз агенттік бола отырып, insglück әдеттен тыс соны идеяларды бере отырып, және әр ұсақ-түйекке көңіл бөле отырып, брендтерді, өнімдер мен компанияларды ерекше түрде ұсынып, жұмыс істеуге маманданған.

    insglück компаниясының негізгі қызмет түрлеріне дербес дизайн, сатылы ұйымдастыру және брендтер бойынша ынталандыратын жұмысты жүргізу жатады. Стратегия мен науқандарды әзірлеуге қоса, Берлин мен Кельнде құрылған компания сондай-ақ тиімді өзара әрекеттестік пен цифрлық байланыс бойынша ақпараттық материалдарды қамтамасыз етеді.

    Оның кәсіпқойлар командасы бар назарын идеяларды ұсынуға және жобаларды іске асыруға салатын жоба менеджерлерінен, өнім менеджерлерінен, концепт жобалаушыларынан және жасампаз қызметкерлерден тұрады. Сондай-ақ insglück мамандардың кең желісіне сүйенеді.

    Толығырақ ақпарат   

    gtp2 architekten

    Энтони де Таранто Дюссельдорфтағы жоғары білікті және шығармашыл 13 қызметші жұмыс істейтін gtp2 architekten сәулет фирмасын басқарады. Іс-шараларға сауда жәрмеңкесі және көрме құрылысы, ЭКСПО павильонының жобасы, бренд кеңістігі және ішкі дизайн, дәстүрлі құрылыс және қайта жобалау кіреді.

    Сауда жәрмеңкелері мен көрмелер әлемінде ол бүкіл дүние жүзіндегі мемлекеттік және жекелеген клиенттерге 30 жылдан астам уақыт бойы презентациялар, көрме орталықтары, көрме залдары, павильондар мен жәрмеңкелер бойынша жобаларды жасап келеді. 70 елдегі 150-ден астам клиенті үшін 1600-ден аса жүзеге асырылған жобаларды айтса да жеткілікті.

    Клиенттерінің қатарында Германия үкіметінің министрліктері, үкіметтік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер, Германияның көрме компаниялары мен трансұлттық корпорациялар бар. Ол көзбе-көз араласу мен сәулет өнерін ұштастыра отырып, клиенттердің маркетингілік мақсаттарына жетуге ұмтылады.

    Толығырақ ақпарат   

    mac messe- und ausstellungscenter Service GmbH

    mac messe- und ausstellungscenter Service GmbH 40 жылдан аса Германияның халықаралық сауда жәрмеңкесі құрылысын салу саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып келеді. Көрсетілетін қызметтердің ауқымына дизайннан бастап сәулет жобалары, сондай-ақ компанияның өз цехтарында өнім өндіру кіреді.

    Көптеген жылдық тәжірибесі және біліктілігі жоғары қызметкерлері бар, сауда жәрмеңкесі саласында маманданған компания Франкфурт маңындағы Лангенлонсхаймда құрылған және жыл сайын 40 елдегі түрлі секторлардағы 620-дан аса клиент үшін 2700-ге жуық көрме жобаларын жүзеге асырады.

    Толық циклды қызмет провайдері ретінде Mac компаниясы қазіргі заманғы тіршіліктің барлық қырларын қамтиды және Германияның барлық басты көрмелерінде жұмыс істейді, сондай-ақ Франкфурт, Бад-Лангензальца Вена және Шанхай қалаларында кеңселері орналасқан.

    Толығырақ ақпарат   

    Серіктестер

    Германия павильонының барлық серіктестеріне белсенді қолдауы үшін алғыс білдіреміз.