Германия

және Қазақстан

Германия мен Қазақстанның көптеген ортақ байланыстары бар: Еуроодаққа мүше мемлекеттердің ішінде Германия Қазақстан үшін шешуші рөл атқарады. Қазақстан – Германияның сауда жағынан Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі.

Сауда бойынша серіктес
Қазақстан негізінен мұнай, қара металл және болат өнімдерін және химиялық өнімдерді экспортқа шығарады. Германия экспортқа негізінен машина жабдығын, электр жабдығын, химиялық өнімдерді, көліктерді, көлік бөлшектерін және фармацевтік өнімдерді шығарады.
Ортақ тамырлары
Екі ел арасында Қазақстаннан Германияға эмиграцияға кеткен немістермен (шамамен 800 мыңға жуық "Қазақстандық немістер") және әлі де Қазақстанда тұратын азшылық немістермен (шамамен 180 мыңға жуық) құралған ерекше "көпір" бар.
Мәдени алмасу
Неміс тілінің шетел тілі ретінде таралуы және азшылықтың мәдени қолданыс табуы, Қазақстан Германияның шетелдегі мәдени және білім саясатында айрықша орын алатынын білдіреді.

Германия

Германия Федеративтік Республикасы Орталық Еуропада орналасқан және 1949 жылдың 23 мамырында құрылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бөлек мемлекет болып келген Батыс Германия 1990 жылдың 3 қазанында мемлекеттің шығыс бөлігімен қайта қосылды.

  • Елордасы: Берлин
  • Үкімет түрі: парламенттік демократия
  • Аумағы: шамамен 357 мың шаршы шақырым
  • Халқының саны: шамамен 81,8 миллион адам, соның ішінде Қазақстаннан көшіп барған 800 мың неміс.

  • 2015 жылы жалпы ішкі өнім шамамен 3 триллион евроны құрады. Германияның экономикасы әлемдегі ең қуатты экономикалардың бірі болып табылады.

    Федеративтік Республика жаңартылатын энергияны дамытудың ізашары және климатты қорғау саласындағы халықаралық көшбасы болып табылады.

    16 штат, 16 тартымды бағыт

    Солтүстігінде Солтүстік теңізі мен Балтық жағалауынан оңтүстігінде Альпі тауларына дейін мақтанарлық көркем әрі алуан түрлі табиғат көрінісі бар Германия әлемдегі ең үздік туристік бағыттардың бірі болып табылады.

    1 / 16

    Баден-Вюртемберг: Германияның оңтүстігіндегі таңсық тағамдар

    Баден-Баденде тынығып, Гейдельбергтің тарихына терең бойлай отырып, Шварцвальдте жаяу серуендеу, Баден көліне бару. Көптеген жоғары сапалы мейрамханалары бар және ауа райының ашық күндері барынша мол Баден-Вюртемберг штатына бару үшін жақсы себеп көп. Оңтүстік-батыс Германияға қош келдіңіз!

    Толығырақ білу
    2 / 16

    Бавария: Германияның нөмірі 1-ші демалыс аймағы

    Шабыттану және өмірге деген құштарлық Көгілдір аспан мен мөлдір көлдер. Ортағасырлық шағын қалашықтар мен қызу тіршілігі қайнаған қалалар. Бавариялық дәстүрлер мен жылы қонақжайлық. Тылсым ормандар мен қарлы таулар. Белсенді демалыс және бойды кеңсе сала тынығу. ЮНЕСКО тізіміндегі бүкіләлемдік мұра және толып жатқан көрікті мәдени орындар.

    Толығырақ білу
    3 / 16

    Берлин: мүмкіндіктер қаласы

    Германия елордасы Берлин, өзінің көптеген қайталанбас көрікті жерлеріме, гүлденген мәдени өмірімен, ырғақты және еркін тұрмыс салтымен танымал.

    Толығырақ білу
    4 / 16

    Табиғат, мәдениет және су: Бранденбургтегі демалыс

    Демалып қайту үшін алысқа барудың қажеті жоқ: Берлинге апаратын барлық жолдар Бранденбургтің демалыс жұмағы арқылы өтеді. Германияның елордасының маңайындағы бұл өңір табиғи сұлулықты, мәдениет пен көрікті көл аймақтарын ұсынады. Оның кәусар ауасын жұтып, күш-қуат алыңыз және Бранденбургтегі демалысыңыздағы керемет серуеннен ләззат алыңыз.

    Толығырақ білу
    5 / 16

    Бремен және Бремерхафен: екі қала – бір аймақ

    Бремен және Бремерхафен туыстас қалалары келушілерді өздерінің таңғажайып жаңа әлемімен, әдеттен тыс жағалаулық және тарихи көркем орындарымен және керемет өнерімен және мәдениетімен таңғалдырады.

    Толығырақ білу
    6 / 16

    Гамбург: Еуропаның Альстер мен Эльбадағы жасыл қаласы

    Айқын теңіз мінезі мен халықаралық дүниетанымы, ганзейлік Гамбург қаласын Еуропадағы ең үздік орындарының бірі етеді. Жарқыраған қала көрінісі мен табиғат сұлулығы Гамбургқа тән белгілер болып табылады. Ол қонақүйлердің, мейрамханалардың, театрлар мен дүкендердің сан алуандығымен, Эльба өзені бойындағы әдемі жағажайлармен, Альстердің жасыл жағасымен, шулы порт ауданымен және 1200 жылдан астам тарихын паш ететін көрікті жерлерімен мақтана алады.

    Толығырақ білу
    7 / 16

    Гессен. Қарама-қайшылыққа толы аймақты тамашалаңыз.

    Германияның дәл ортасындағы Гессен аймағы демалыстың көптеген нұсқасын ұсынады. Мұнда әркім өзіне керегін таба алады – мәдени орындар, серуендеу, велосипед тебу мен денсаулықты түзеуден бастап, отбасы мүшелерімен қала ішіндегі және табиғат аясындағы қызықты оқиғаларға дейін. Гессенге қатынау ыңғайлы. Егер Франкфурт әуежайына ұшып келсеңіз, аймақтағы демалысыңыз бірден басталуы мүмкін.

    Толығырақ білу
    8 / 16

    Германияның 'міндетті түрде көретін' жерлері: Мекленбург-Батыс Померания

    Балтық теңізі қурорттарының 1900 шақырымға созылған барлық жағалау жолағы мен құмды ақ жағажайлары, ЮНЕСКО ұйымының бүкіләлемдік мұра тізіміне кірген қалалары және тамаша табиғат көріністері. Балтық теңізінен көлікпен бір сағатта жететін жолда орталық Еуропадағы үздіксіз өзендер мен көлдердің ең үлкен аймағы басталады. Мұз дәуірінің төбелері мен өзен пейзаждарының ортасында орналасқан шағын қалалар мен ауылдық мекендер 2000-ға жуық сарайлардың, саябақтар мен сәулетті үйлердің, сонымен бірге солтүстік Германияның Нойшванштайн сарайын еске салатын мекендері болып табылады.

    Толығырақ білу
    9 / 16

    Төменгі Саксония: Гарц төбелерінен Солтүстік теңіз жағалауына дейін демалып, қызықты жайттарды бастан кешіп, жаңа жерлерді ашуға болады

    Төменгі Саксония Эмс пен Эльба өзендерінің аралығында орналасқан, алуан түрлі пейзаждарға және тартымды қалаларға толы федералды аймақ болып табылады. Төменгі Саксония – Германияның жағажайы да, таулары да бар бірден бірден бір федералды аймағы. Аймақтың солтүстігіндегі судың көтерілуі мен қайтуының нәтижесінде ЮНЕСКО ұйымының Бүкіләлемдік мұрасы – Ваддензе теңізі түзілді.

    Толығырақ білу
    10 / 16

    Солтүстік Рейн-Вестфалия: жыл бойы саяхаттауға болатын жер

    Германияның халқы ең тығыз қоныстаған федералды аймағы Людвиг ван Бетховен, Генрих Гейне және Йозеф Бойс сияқты көптеген ықпалды өнер тұлғаларының отаны әрі Еуропадағы ең ірі аймақтардың бірі болып табылады. Оның көптеген мұражайлары, театрлары, оркестрлері мен концерт залдары, сонымен бірге оның мюзиклдері мен оқиғалары жыл сайын миллиондаған меймандарды еліктіреді. Басқа көрікті мәдени орындарына ЮНЕСКО ұйымының Бүкіләлемдік бес мұрасы кіреді: Кельн соборы, Ахен соборы, Аугустусбург сарайы және Брюльдегі Фалькенлуст сарайы, Эссендегі Цольферайн көмір шахтасы және Корвей сарайы. Кельнге тән жер бедері Германияның ең танымал көрікті жерлері болып табылады.

    Толығырақ білу
    11 / 16

    Рейнланд-Пфальц: бұл жердегі демалыс – тек қоршаған ортаның бір бөлігі

    Романтикалық қамалдар, жылы шырайлы жергілікті тұрғындар, таңдаулы шараптар және т.б. – осының барлығының рахатын Рейнланд-Пфальцта көріңіз. Ар, Эйфель, Хунсрюк, Наэланд, Мозель-Саар, Пфальц, Рейнгессен, Романтикалық Рейн және Вестервальд аймақтары өздерінің жүзім алқаптарының бөктерімен, сөнген жанартауларымен және жарқын қалаларымен сондағы жергілікті тұрғындар сияқты әр алуан әрі жылы шырайлы!

    Толығырақ білу
    12 / 16

    Саарланд – көлемі жағынан шағын, бірақ тартымдылығы мол

    Саарландтағы велосипед сапарлары алуан түрлі жолдарды қамтиды және өзен алаптарының бойын жағалап, Франция мен Люксембургке өтетін трансшекаралық турлардан бастап Хунсрюк төбесіне көтерілетін қиын турларға дейінгі жан-жақты тәжірибе бола алады. Саар өзенінің айналым маршруты Неміс велосипедшілері федерациясы (ADFC) төрт жұлдызбен марапаттайтын бірінші халықаралық алыс маршрут болып табылады.

    Толығырақ білу
    13 / 16

    Әлемдік деңгейде мәдениеті дамыған Саксонияның өнерін, мәдениеті мен көрікті табиғат көріністерін тамашалау

    Саксониядағы демалыс әйгілі сазгерлердің, сәулетшілер мен суретшілердің мұрасымен танысуға мүмкіндік беретін мәдени үзілістері бар, тарих пен мұраның 1000-даған жылдарына бойлайтын демалыс болып табылады. Саксонияның демалыс аймақтары қыста да, жазда да қаладағы демалыс уақытын белсенді демалыс өткізумен, отбасымен және денсаулық жолындағы демалыстарды үйлестіруге өте ыңғайлы.

    Толығырақ білу
    14 / 16

    Саксония-Анхальт: белсенді демалыс үшін және тарихпен әрі табиғатпен жолығу үшін

    Саксония-Анхальт – Германия тарихының орталығы және мәдениетке қызығатын туристерді өзінің мәдени дәстүрлерімен және халықаралық маңызы бар көрікті орындарымен тартады. Сонымен бірге, мұнда күш-қуаты тасыған меймандарға көптеген қызықты демалыс түрлері ұсынылады, және керемет табиғат көріністеріне кенде емес, сол себепті, осы аймақтың ұраны – "Табиғат тамашала – Саксония-Анхальтта еркін тыныста".

    Толығырақ білу
    15 / 16

    Шлезвиг-Гольштейн: нағыз солтүстіктегі демалыс

    Шлезвиг-Гольштейн аймағын Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі судың көтерілуі мен қайтуы, жел мен толқындардың жалында өтетін уақыт ырғағы ерекшелейді. Отбасымен келген адамдарға, судағы спорт түрлерінің әуесқойлары және табиғатқа сүйсінушілер демалатын нағыз қолайлы орын.

    Толығырақ білу
    16 / 16

    Тюрингия: толассыз еліктіретін шипалы аймақ

    Ландшафттардың алуан түрлілігі, қамалдар мен сарайлардың таңғаларлық саны, сәулет пен мәдениет нысандарының алуан түрлілігі және бос уақытты өткізудің кең мүмкіншіліктері – осының барлығы Тюрингияның демалыс аймағына тән. Гёте Тюрингияның құндылығын өзінің қайталанбас мәнерінде былайша тұжырымдады: "Германияның тағы қай жерінен тура жаныңда толып жатқан осындай тамаша нәрселерді табуға болады?"

    Толығырақ білу

    Қазақстан

    Қазақстан Республикасы Орталық Азияда орналасқан және өзінің тәуелсіздігін Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанында жариялады.

  • Елордасы: Астана (1997 жылдан бері)
  • Үкімет түрі: Президенттік жүйе
  • Аумағы: 2,7 миллион шаршы шақырым. Қазақстан жерінің ауданы бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орында және мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішіндегі ең үлкені.
  • Халқының саны: 17,7 миллион адам, соның ішінде шамамен 180 мыңға жуық неміс азаматы
  • Ресми тілдері: Қазақ және орыс
  • Қазақстан шикізатқа бай және 2015 жылғы жалпы ішкі өнімінің мөлшері 195 миллиард АҚШ доллары бола отырып, дамушы экономика болып саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Қазақстан 2050 стратегиясы жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағдар алады және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етеді.





    Астана

    Қазақстанның елордасы Астана елдің солтүстік-шығысында, Есіл өзенінің алабында орналасқан және 853 мыңға жуық тұрғыны бар (2014 жылғы дерек бойынша: Сыртқы істер министрлігі). Бұл көрсеткіш бойынша Астана Алматыдан кейінгі екінші орында.

    Қысқаша тарихы

    Астана 1830 жылы Ресей бекінісі ретінде құрылады, ол кезде ол Ақмола атанып, кейінірек оның атауы бірнеше рет өзгертіледі. Қаланың қазіргі Астана атауы 1997 жылдың соңында Қазақстанның елордасы болып жарияланғаннан кейін,

    1998 жылы бекітілді. Содан бері Астанада тұрақты экономикалық өсу, құрылыс саласының жоғары деңгейі және тұрғындар санының үздіксіз өсімі байқалуда.



    Бизнес және әкімшілік орталығы – Нұржол бульварының ортасында орналасқан 105 метрлік Бәйтерек монументі Астананың бағдары болып табылады. 173 гектарға жуық аумақты қамтитын ЭКСПО алаңы да әкімшілік орталыққа жақын орналасқан. Көрме алаңы 25 гектарды құрайды.