Германия павильоны

Германия павильоны "Дұрыс энергия" тақырыбы бойынша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде "Германияда жасалған" Energiewende ұсынатын болады. Ақпарат пен қызықты жайттардың тартымды үйлесімін пайдалана отырып, Павильон орнықты технологияларды, инновациялық үдерістерді және жаңашыл шешімдерді көрсетеді.
Мейрамханада дәстүрлі неміс тағамдары мен сусындары ұсынылады. Сонымен бірге, өзіңіздің Германия павильонына келгеніңіздің естелігі ретінде дүкеннен төлтума кәдесыйларды сатып ала аласыз.



 
 
Қызықты экспонаттар
"Болашақ картасы" және "Болашақ қаласы" атты екі көрме келушілердің назарына қолмен сезініп, сынап көруге және өзара әрекеттесуге болатын ерекше экспонаттарды ұсынады. Экспонаттар Германияның энергиямен қамтамасыз ету саласындағы шеберлігі мен мүмкіндіктерінің жарқын көрінісін ұсынады.

"Энергетикалық шоу” Павильон бағдарламасының ең қызықты бөлігі болып табылады. Көз тартатын лазерлік көрсетілім Energiewende қозғаушы күші ретінде адамдардың назарын аударады және таңғаларлық қоғамдық тәжірибе болғалы тұр.


Бағдарлама
Неміс мәдени бағдарламасы Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмеде не ұсынады? Соңғы ақпаратты қарап шығу үшін мына жерден басыңыз.


 
 
Павильонды аралау
Германия павильонындағы көрмені қарау үшін мына жолмен жүріңіз. "Германияда жасалған" Energiewende туралы молырақ білу үшін жекелеген экспонаттарды ашыңыз.


Неміс тағамдарын ұсынатын мейрамхана

Біздің мейрамхана дәстүрлі неміс пабы мәнерінде бұқтырылған ет және "Königsberger Klopse" (ақ тұздықтағы домалақталған ет), қышқыл орамжапырақ, піскен балық, қақталған арқан балық сияқты дәстүрлі неміс тағамдарын ұсынады. Неміс асханасының алуан түрлілігін көрсететін мол әрі сан алуан мәзірмен бірге дәмтатымдар мен десерттер ұсынылады, және соның барлығының бағасы тиімді.

Көрмеге қатысу барысында емін-еркін әрі жайлы жағдайда күш жинап алу үшін аса қолайлы. Мейрамхана 100 адамға арналған.

Мейрамхана мен кәдесый дүкені халықаралық қоғамдық тамақтану индустриясында мол тәжірибе жинақтаған Messegastronomie Angerer & Obermayr GmbH басқарады.

Кәдесый дүкені

Астанадағы Германия павильонына келуіңіздің естелігі ретінде дәстүрлі кәдесыйларды біздің дүкеннен қарап шығуға уақыт бөліңіз. Сыра саптыаяғынан Шварцвальд қуыршақтарына дейінгі әрбір бұйымның "Германияда жасалған" деген сапа белгісі бары сөзсіз.