Көрме алаңдары

Ең ұмытылмас әсерлерді адам көзіңмен көріп, қолымен ұстағанда алады. Сол себепті экспонаттар Германия павильонындағы көрме алаңдарының екеуінде де интерактивті пайдалануға арналып жасалған. Сіз болашақта энергиямен қамтамасыз ету бойынша немістің инновациялық технологиялық шешімдері негізіндегі озық ақпараттық-ойын-сауық бағдарламасын күте аласыз.

Болашақ картасы

Бірінші көрме алаңындағы "Болашақ картасы" атты алып карта өзгеріп жатқан әлемді көрсетеді. Сіз жаңа жаһандық энергия көздерін тұтастай зерттей аласыз. Сонымен бірге жаңғыртылатын энергия көздерінің төмендегідей түрлері туралы біле аласыз:

  • Күн энергиясы
  • Жел энергиясы
  • Су энергиясы
  • Биомасса
  • Сондай-ақ, зияткерлік желілер және болашақтағы энергия сақтау технологиялары сияқты тақырыптар ұсынылатын болады.

    Жеке экспонаттарды өзіңізге павильонға кірерде берілетін SmartStick көмегімен іске қосуға болады. Сондай-ақ, сіз оны викторина сұрақтарына жауап беруге және SmartPoint ұпайларын жинау үшін пайдалана аласыз. Кейін оларды соңындағы "Энергетикалық шоуда" пайдалануға болады.

    Болашақ қаласы

    "Болашақ қаласы" атты екінші көрме алаңында Германия павильоны адамдардың тікелей тұрмыс ортасына назар аударатын болады. Германиядан келген қазіргі үлгілердің бірқатары жаңғыртылатын энергия көздеріне өтудің біздің күнделікті өмірімізге келтіретін әсерін көрсетеді. Ақылды үйлерден бастап энергияны балдырлардан алатын ғимараттар мен электр көліктеріне дейінгі құрылыс пен ұшқырлық салаларындағы технологиялар, жүйелер мен өнімдер туралы мағлұмат алыңыз.

    Сіз осында да SmartStick құралын интерактивті экспонаттар мен өндірістерді іске қосуға, біліміңізді тексеруге және "Энергетикалық шоуға" молырақ SmartPoint жинауға пайдалана аласыз.





    Энергетикалық шоу

    "Энергетикалық шоу” кез келген Павильонға қатысудың ең қызықты бөлігі болып табылады. Іс-шара ортасында үлкен дөңгелек үстелі бар он екі жақты кеңістікте өтеді. Келушілер осы жерге SmartStick құралдарын қояды. Қатысушылардың әрқайсысы жиналған SmartPoint құралдарыбіріктіріледі де, қоздырылған жарық импульстеріне керемет кескіндердің еліктіргіш лазерлік шоуымен шарықтай отырып, түрлендірілетін болады.

    Керемет жан толқытар әсер: Қатысушы ретінде айналаңыздағы әлем өз әрекеттеріңізге тікелей жауап ретінде қалай өзгеріп жатқанын сезінетін боласыз. Адамдар бірлестігінің қуатын сезінетін және энергияның жаңа дәуірін жасайтын ортақ тәжірибе.