Павильонды шолу

Кіреберіс аймақ

Павильонға кіреберісте Германияның 16 штатының презентациялары көрсетіледі. Онда жаңғыртылатын энергия өндірісінің жобалары және тиісті мемлекеттердегі туристік көрнекті орындар туралы ақпаратпен толықтырылған таблолар мен қысқа метражды фильмдер болады. Осылайша, қатысушылар павильонға кірмес бұрын, Германия туралы кейбір негізгі деректермен таныса алады және "Германияда жасалған" Energiewende туралы түсінік ала алады.

SmartStick және SmartPoint құралдары

Павильонға кірерде барлық келушілерге, олардың ана тілінде бағдарламаланған SmartStick беріледі. Бұл құрал оларға жеке экспонаттарды іске қосуға және олармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Осылайша, келушілер білім және, ауыспалы мағынада, SmartStick құралдарында SmartPoint түрінде сақталатын энергияны жинақтайтын болады.

Соңындағы "Энергетикалық шоуда” барлық SmartStick құралдарындағы барлық SmartPoint көріністі бастау үшін біріктіріледі. Бұның артында адамдар өздерінің білімдері мен тәжірибелерін пайдалана отырып, әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін бірге жұмыс істей алатындығын білдіретін тұспал жатыр.

Кіріспе

Германия павильонындағы бірінші бөлім кіріспе болып табылады. Ол жаһандық көзқарас тұрғысынан адамзат алдында тұрған мәселелерді көрсетеді: Климаттың өзгеруі жаһандық мәселе болып табылады, бірақ сондай-ақ бүкіл әлемде энергияның жаңа және жетілдірілген дәуірінің нышандары да байқалуда.

Табиғаттың еліктіргіш фотосуреттері қайта қалпына келетін бес энергия көзі (жел энергиясы, күн энергиясы, су энергиясы, геотермалды энергия және биомасса) орасан зор энергия беріп жатқандай әсер қалдырады.

Болашақ картасы

Жел энергиясы көрмесі

"Болашақ картасы" көрме алаңындағы бірінші көрме жел энергиясына арналған. Ортада айналып тұратын үлкен бес жел диірменінен тұратын жел паркінің үлгісі орналасқан. Жел паркі үлгісінің алдында SmartStick арқылы іске қосылатын екі терминал бар. Олар Астанадан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан және Қазақстанда Германияның көмегімен салынған тұңғыш және әзірше жалғыз Ерейментау І жел электр станциясының басқару орталығы болып табылады. Мұнда келушілер 50 мегаваттық зауыт туралы қызықты мәліметпен таныса алады және тікелей сілтеме арқылы жел фермасының қазіргі деректерін қадағалай алады. Тақырыпты берген:

  • FWT energy Service GmbH, Waigandhain

Күн батареясы экспонатының болашағы

Он алты экраны бар экспонат ландшафтқа енгізілген шағын күн паркіне ұқсайды. Фраунгофер күн энергиясы жүйелері институтымен КЭИ және Күн мен сутегі энергиясын зерттеу орталығымен (ZSW) серіктесе отырып, көрме қазіргі зерттеу жұмыстарының назарындағы түрлі күн батареясы модульдерін бейнелейді. Келушілер күн батареясының болашағын көрсететін және көрермендерге ұсынылған модульдердің дәстүрлі технологиялардан артықшылығын білуге мүмкіндік беретін төрт дисплейді іске қосу үшін SmartStick құралдарын пайдалана алады.

Тақырыпты таңдаған:

  • Фраунгофер күн энергиясы жүйелері институты КЭИ, Фрайбург
  • Baden-Württemberg күн мен сутегі энергиясын зерттеу орталығы (ZSW), Штутгарт

Жекеленген су энергетикасы көрмесі

Өзен арнасының көлденең қимасының ортасында қалқып тұрғандай көрінетін өзен турбинасының прототипі жекеленген су энергетикасының прототипі болып табылады. Экспонат келушілерге су энергетикасының мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Мысалы, ауылды аймақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ету туралы. Бұл турбиналардың және кіші өзен электр станцияларының қызметін, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жобаларды мысалға ұсына отырып түсіндіреді.

Келушілер турбиналардың жұмыс істеу принципін сумен жартылай толтырылған мөлдір құбырдан тұратын, ортасында турбина моделі бар су әткеншегінің көмегімен өз көздерімен көріп байқай алады. Әткеншек қисайған кезде судың қозғалысы турбинаның қозғалысын алып келеді де, жарық жануына себепші болады.

Тақырыпты таңдаған:

  • SMART HYDRO POWER GmbH, Фельдафинг

Геотермалды энергия көрмесі

Алаңның бұрыштарының бірінде "Болашақ картасы" қара апанның ішіне қарай ашылады. Ол геотермалды энергияның құпиясын ашу үшін жер астына кетеді. Экспонат геотермалды энергияның жұмыс принципін түсіндіреді және осы энергия көзін пайдаланудың түрлі нұсқаларын ұсынады. Келушілер өздерінің SmartStick құралдарының көмегімен іс жүзінде жер қабаттары арқылы "бұрғылап" өте алады.

Мысалы, Астанада Германияның қолдауымен салынған көрме үйі геотермалды энергияның Қазақстанның энергия өндірісінде де маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

Тақырыпты таңдаған:

  • Helmholtz Centre Potsdam, GFZ Германияның жер ғылымдарын зерттеу орталығы
  • Petroline GmbH, Целле

Smart Grid көрме алаңы

Smart Grid көрме алаңы зияткерлік желілердің артықшылықтарына назар аударады. Ол энергияның жаһандық жеткізілуі үшін зияткерлік желілердің әлеуетін көрсетеді және макро және микро мүмкіндіктерінің екеуінен де мысалдар келтіреді.

Тақырыпты таңдаған:

  • Фраунгофер жел энергиясы және энергия жүйесі технологиясы институты (IWES), Кассель
  • EXYTRON GmbH, Росток
Smart Grid үстелі
Бұл экспонат тепе-теңдікке жетуге арналған. Бір топ адамның аса қызықты әрекеттесуі арқылы интерактивті үстел заманауи желінің ең басты талаптарының бірін қояды: өндіріс пен тұтынудың теңгерімді болуы.

Экспонат өндіріс пен тұтынудың бір күннің ішінде қалай үздіксіз өзгеретінін көрсетеді, соған қарамастан, Smart Grid екі жақтың теңгерімді болуына үздіксіз ықпал жасауда. Келуші үстел айналасындағы баспалдаққа шыққанда, үстел өзінің тепе-теңдігінен айырылады. Ендігі мақсат электр желісінің теңгеріміне жету үшін оны мүмкіндігінше аз уақытта өзінің бастапқы күйіне келтіру болып табылады. Мұны басқа келушілермен бірге жасаған дұрыс, және де бұл өте көңілді іс.

Smart Grid Сенсорлы экран IWES — макро мүмкіндік
Келушілер SmartStick көмегімен іске қоса алатын сенсорлы экраны бар монитор Smart Grid үстелінің артындағы қабырғаға орнатылған. Мұнда олар тұтас елдің электр желілерінің зияткерлік желілерге қалай айналатынын көреді.

Фраунгофер жел энергиясы және энергия жүйесі технологиясы институтының (IWES) интерактивті қосымшасы, егер қуаттылық пен құбыр желілерінің сәйкес кеңейтілуі болса, Германияның тек жаңғыртылатын энергияның өзімен ғана жұмыс қалай істей алатындығын көрсетеді. Осы мақсатта IWES тұтыныс және ауа райы (күн және жел) жайлы нақты деректерден тұратын және келушілер сұрақтар мен тапсырмалар арқылы зерттей алатын күрделі сценарий жасап шығарды.

Smart Grid Exytron — макро мүмкіндік
Экспонат арал жағдайындағы дербес шешімді көрсетеді, және тіпті кіші ауқымда да зияткерлік желілердің энергиямен жабдықтау тұрақтылығының негізі болып табылатынын айқындайды. Экспонат әртүрлі тұтынушылары мен өндірушілері (жел диірмендері, күн батареялары) бар арал моделін ұсынады.

Келушілер зияткерлік желілердің энергияны газға түрлендіру жүйесімен үйлескендегі түрлі жағдайларда қалай әрекет ететінін байқайтын болады: Қанша энергия қуаты қажет болуына, немесе ауа райының желді немесе ашық болуына қарамастан, электр қуаты қазба отынның бар-жоғына қарамастан әрқашан да болып тұрады.

Болашақ қаласы

Ұшқыр болашақ көрме алаңы

Тақырыпты таңдаған:

  • BMW Group, Мюнхен
  • Diamant Fahrradwerke GmbH, Хартмансдорф
  • emco electroroller GmbH, Линген
  • Schaeffler Technologies AG & Co. KG, Херцогенаурах
  • Ubitricity Gesellschaft für verteilte Energiesysteme mbH, Берлин
  • TRILUX Vertrieb GmbH
Мобильділік мысалын пайдалана отырып, бұл көрме алаңы Energiewende әр адамның өміріне қаншалықты жақсы әсер ететінін көрсетеді. Бұл экспонаттар Германияның өнеркәсібі мен ғылымының электрлік ұшқырлық болашағына бағдар алған көптеген жолдарын ашып көрсетеді. Экранда келесілер көрсетілетін болады:
  • DIAMANT электр велосипеді
  • EMCO электр скутері
  • SCHAEFFLER Formula E көлік үлгісі
  • SCHAEFFLER E-Wheel Drive үлгісі
  • TRILUX зарядтау станциясы
  • UBITRICITY зарядтау жүйесі
Келушілер әуелі экрандағы тасымалдау әдістері мен технологиялардың Energiewende қандай қатысы барын білетін болады. Одан кейін олар нысандарды көріп, олардың техникалық сипаттарын біле алады. Соңында, келушілер электр көліктерінің артықшылықтары туралы қысқаша ақпаратты оқи алады.

Энергияны X-ке түрлендіру экспонаты

Бұл көрмеде келушілер әзірше жасалу сатысындағы болашақ технологиялармен таныса алады. Энергияны Х-ке түрлендіру деп аталатын процедура пластик өндірісіне қажетті негізгі материалдарды өндіру үшін мұнай немесе табиғи газ өнімдерінің орнына су мен CO2 пайдаланады.

Экспонат инновациялық технологиялар негізіне қысқаша ғана кіріспеден кейін, келушілерге түймені басу арқылы бақша гномы немесе бапкер сияқты виртуалды нысандарды жасауға мүмкіндік беретін машинаны имитациялайды.

Тақырыпты таңдаған:

  • sunfire GmbH, Дрезден

Efficiency House Plus экспонаты

Экспонат "Efficiency House Plus" жаңа энергетикалық стандартты ұсынады – өзі тұтынатын энергиядан артық энергия, оның үстіне тек жаңғыртылатын энергияны өндіретін үйлер. Сыртта келушілерді үйдің көлденең қимасының үлгісі қарсы алады. Парадигма жылжуын көрсетудің саналы жолы ретінде үй төңкеріліп орналастырылған. Үйдің ішінде келушілер Efficiency House Plus жұмысы туралы түсінік алады. Кескіндер мен мәтіндер, өмір сүру ортасы тарихында алғашқы рет үйлердің артық энергия өндіруіне мүмкіндік беретін, ғимараттың сыртқы қабырғасындағы және шатырындағы фотоэлектр жүйелері сияқты түрлі құрылым құрамдастарын көрсету үшін пайдаланылады.

Германияның үлкен картасынан келушілер Efficiency House Plus үлгісінде жүзеге асырылған 35-тен артық жобаны, сонымен бірге, жер жоспарларын, техникалық концепттерді және жеке ғимарат өндіретін және тұтынатын энергияға жасалған шолуды көре алады.

Link to the broschure

Тақырыпты таңдаған:

  • Bundesministerium für Umwelt, Naturschutz, Bau und Reaktorsicherheit
  • ZEBAU GmbH, Гамбург

Балдырлы қасбет экспонаты

Балдырлар биореакторының нақты көшірмесі "Болашақ қаласының" оң жақ бөлігінде тұр, және сондай-ақ, Energiewende әр адамның күнделікті өміріне қалай айқын әсер етуінің жарқын көрінісі болып табылады.

Келушілер сенсорлы экранды монитор көмегімен тірі "органикалық тері" туралы толығырақ біле алады. Гамбургтегі шын балдырлы үйдің көмегімен, экспонат балдыр биореакторының қалай жұмыс істейтінін, балдырды ағын сумен қамтамасыз етуден бастап, оның фотосинтез арқылы өсіп, жылу энергиясын пайдаланғанға және балдыр көбігін жинағанға дейін түсіндіреді. Бұл жоғары сапалы биомассаны тағам, косметика және т.б. заттар өндірісінде пайдалануға болады.

Тақырыпты таңдаған:

  • SSC GmbH, Гамбург

SmartHome экспонаты

SmartHome экспонаты негізінен тұйық кеңістікте орналасқан, оған келушілер есік ашылған кезде кіре алады.

Ішкі қабырғалар кәдімгі үйдің ішіндегідей графикалық коллаждармен және біз күн сайын көріп үйреніп қалған терезелер, және кір жуу машинасы, тоңазытқышы және кофе машинасы бар ас үй, және электрондық ойын-сауық жүйесі бар қонақжай бөлмесі сияқты күнделікті заттармен көркемделген. Келушілер, өздерінің SmartStick құралдарын пайдалана отырып, жеке нысандарды іске қоса алады және SmartHome үйінде жылуды, жарықты, перделерді және басқаларды қалай бақылауға және реттеуге болатынын және оның күнделікті энергия тұтынудағы артықшылықтарын біле алады.