ЭКСПО 2017

Қазақстанның елордасы Астанада 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – "Болашақ энергиясы: Жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары". “CO2 шығаруды азайту”, "энергиялық тиімділік" және "энергия барлығы үшін” тақырыптарына ерекше көңіл бөле отырып, еліктіріп әкететін экспонаттар энергияның өндірісіне, таратылуына және тұтынылуына қатысты негізгі аспектілер мен сұрақтарды ұсынады.

Астанадағы ЭКСПО сайтының картасы


25 гектарлық көрме алаңы 100-ден аса қатысушы елді қабылдайды. Терезені кеңейту үшін үлкейткіш белгішесін басыңыз.


ЭКСПО – өз тарихы бар Дүниежүзілік көрме

"Әмбебап көрме" немесе "Дүниежүзілік жәрмеңке" деген атаулармен де белгілі ЭКСПО, индустрияландыру дәуірінде техникалық және қолөнер шоуы ретінде пайда болған, жыл сайынғы жәрмеңкеге ұқсайтын халықаралық көрменің түрі болып табылады.

Дүниежүзілік көрмелер бастапқыда қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіптік әлеуетін көрсету үшін пайдаланылды және көрнекті архитектура платформасын қалыптастырды. Алғашқы халықаралық көрме 1851 жылы Лондон қаласында өткізілді.



 
 
1867
1867 жылғы Париждегі Халықаралық көрмеден бастап қатысушы мемлекеттер өздерінің техникалық жетістіктерін және жаңа өнімдерін ұлттық павильондарда ұсынды.
1950 жылдан бастап
Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап көрмелерге адамдарды топтарға біріктіретін элементтер тән болды.
Бүгінгі таңда
Соңғы дүниежүзілік көрмелер жаһандық мәселелерге және болашаққа бағытталған шешімдерге көңіл бөле бастады. Олар технология, зерттеу, бизнес, байланыс, мәдениет және ойын-сауық саласында халықаралық деңгейде ақпарат алмасуға үлес қосты. Олар сондай-ақ жоғары тәжірибелік мәні бар оқиғаларды жарыққа шығарды.


Халықаралық көрме бюросы (ХКБ)

1928 жылы Парижде құрылған Халықаралық көрме бюросы (ХКБ) әлемдік көрмелерді ресми түрде тіркеп, таниды. ХКБ 169 мүше мемлекеті бар үкіметаралық орган болып табылады.

ХКБ ЭКСПО көрмесін тіркеу үшін немесе тану үшін келесі өлшемдерді пайдаланады:



тіркелген
дүниежүзілік көрмелер
  • Алты айға созылады
  • Көп мәселені қамтитын тақырып
  • 5 жыл сайынғы іс-шара
танылған
дүниежүзілік көрмелер
  • Үш айға созылады
  • Арнайы тақырып
  • Тіркелген халықаралық көрмелер арасындағы оқиға